Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (8)

Ойлау деңгейінің тереңінде біздің ақыл-ойымыздың (санамыздың) «бейсана» деп аталатын керемет бөлігі жатыр. Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі ешкім оның нақты мәнісін және шексіз мүмкіндіктерін толық түсіне алған жоқ.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ойлау, ақыл, сана, өмірдің мәні, шексіздік, мүмкіндік Нарша Булгакбаев

Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақиқат, шындық туралы, құдай, ғылым, иман, Рух, адамгершілік, түсінік, жаратылыс, өмірдің мәні Нарша Булгакбаев

Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, құран, Алла, құдай, намаз, адам, жан, мәңгілік, Өмір, өлім, күйзеліс, тән, табиғат, қорқақтық, екіжүзділік, күн, көпір, Сот, қорқыныш, ақырет, жаннат, тозақ, өмірдің мәні, болашақ, тағдыр, сөз, сенім, пайдалы, зиянды Нарша Булгакбаев

Ойлардың 3 түрі болады:
— аяқталған, толық ой
— жауап іздеуші ой
— эмоционалды ой
Осылардың бірігуі арқылы ойлау жүйесі қалыптасады. Ойлау Жүйесі өзгергеннен кейін өмірдің мәні де өзгереді!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ой, ойлау, жүйе, Өмір, өмірдің мәні Нарша Булгакбаев

Біз өмірдің қағазы мен сиясына қараймыз: тыныс алу, тамақтану, жұмыс, ұйқы. Біз өмірдің әдеттегі көріністеріне қарап, «бұл өмір» дейміз. Бұл қағаз бен баспа белгілеріне қарап, «бұл кітап» деп айту сияқты. Бірақ біздің өміріміздің, кітап сияқты, мағынасы бар және, әрине, өмірдің мәні — қағаз бен сияда емес, оның мағынасында екенін білуіміз керек.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, кітап, мақсат, мағына, өмірдің мәні Нарша Булгакбаев

Ақпарат ағыныныда адам пайдасыз ақпаратты тез оңай жаттап алады, ал пайдалыға біраз бас қатыру керек болады. Жалғыз ерік-жігер мен жүрек проблеманы шешу үшін жеткіліксіз, өйткені барлық проблеманың шешімі «жалған ақпаратты қабылдауды тоқтату» болып табылады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, пайдалы ақпараттар, адам, ерік-жігер және жүрек, проблема, жалған, ақпарат, қабылдау, өмірдің мәні, шешім Нарша Булгакбаев

Сенім әлемдегі ең қуатты күш деп айтуға болады. Сенім адамдарға суицид жасауға мүмкіндік береді, өйткені олар әрі қарай өмір сүрудің мәні жоқ деп сезінеді. Демек, сенім – мұқият басқаруды қажет ететін күш.

Суицид – өзіне-өзі нүкте қоюдың ең қатал, ауыр түрі. Олардың басты проблемасы, сөзсіз, өзгелерден, өмірден шаршауда және бұл үмітпен, сеніммен тығыз байланысты. Батылдық, ерлік, төзімділік қайда, уақытша сынақ, ауыр күнә емес пе деп айту бәрімізге де оңай.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Суицид, сенім, қуат, күш, Өмір, өмірдің мәні, шаршау, үміт, сенімділік, батылдық, ерлік, төзімділік, сынақ, күнә, Күнәһәр Нарша Булгакбаев

Ғылымсыз өмірдің мәні жоқ, өнерсіз өмірдің сәні жоқ.

Ілмектер: ғылым, өмір, өмірдің мәні, өнер, сән, туралы Нарша Булгакбаев